Тонаушы елордалық ломбардта кепілге алынғандардың бірін босатты (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы М-Ломбардға баса-көктеп кірген тонаушы кепілге алынғандардың бірін босатты.

«Иә, ол ломбардтан қызметкерлердің бірін босатты. Оқиғаның басқа мән-жайы кейінірек хабарланады. Келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.

Қазіргі кезде ломбард аумағы қоршауға алынған. Куәгерлердің айтуынша, күдікті 3 сағаттан астам уақыт ломбардта қамауда отыр. Қазіргі кезде оның айналасындағы дәмхана, дүкендер, басқа да қызмет көрсету орындары жабық тұр. Полиция кеңсе орналасқан үй тұрғындарының көшеге шықпауларын сұрайды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан берген жедел ақпаратында. .  

Еске сала кетейік, бүгін Кенесары көшесінде «Спутник" дүкені ауданында орналасқан М-Ломбардты тонауға әрекет жасалды. Ішке басып кіру кезінде дабыл тетігі іске қосылып, есік автоматты түрде құлыпталып, іште күдікті және екі ломбард қызметкерлері қамалып қалды.

Сондай-ақ баспасөз қызметі бұл  лаңкестікпен байланысты емес, қатардағы тонау оқиғасы екенін атап өтті. 

null null  

Соңғы жаңалықтар