«Томирис» тарихи драмасының алғашқы 2 постері жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Режиссер Ақан Сатаев «Томирис» тарихи драмасының алғашқы 2 постерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы ұсынылған екі постердің қайсысын «Томирис» фильмі үшін үздік деп санайсыздар?! Сіздердің пікірлеріңіз керек» - деп жазды Ақан Сатаев Instagram-дағы парақшасында .

Айта кетейік, Ақан Сатаев сақтардың көшбасшысы - Тұмар ханшайым туралы тарихи фильм түсіріп жатыр. Бұған дейін біз «Қазақфильмде» Тұмар патшайымды таңдау қалай жүріп жатқандығы туралы толық ақпарат берген болатынбыз.

Фильм сақ тайпалары патшайым Тұмардың қолбасшылғымен ұлы даланы басып алғысы келген парсы патшасы ІІ Кирге жойқын тойтарыс бергені туралы баяндайды. Кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры айтылады.

Соңғы жаңалықтар