+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

«Томирис» Париждегі кинофестивальде топ жарды

2020 жылғы 14 қыркүйек 18:29
Бөлісіңіз:
«Томирис» Париждегі кинофестивальде топ жарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Томирис» кинотуындысы Парижде өткен 26-шы L’Etrange Festival кинофестивалінің толық метражды фильмдер секциясында Nouveau Genre гран-приін жеңіп алды. Қазақстан кинематографиясы үшін мұндай қуанышты жаңалықты фильмнің режиссері Ақан Сатаев бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлытау шайқасы: Қасым хан жайлы фильм қалай түсіріліп жатыр Жақында дүниеден өткен Сатыбалды Нарымбетов фильмінің түсірілімін оның ұлы аяқтайды

«Достар, қуанышты жаңалықты бөлісуге асықпыз! «Томирис» кинотуындысы Парижде өткен 26-шы L’Etrange Festival кинофестивалінің толық метражды фильмдер секциясында Nouveau Genre гран-приін жеңіп алды. Фестиваль серіктестерінің бірі, әлемдегі ең ірі француз тіліндегі ақылы телеарна CANAL+ біздің фильмді прайм-таймда көрсетеді» деп жазды Ақан Сатаев Instragram парақшасында.


Еске сала кетейік, былтыр жарыққа шыққан кинотуынды біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді.

Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады.

Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясында Sataifilm компаниясының қатысуымен түсірілген. Әлия Назарбаева бас продюсер болған фильмге Ақан Сатаев режиссерлік еткен.

Фильмнің басты рөлдерінде Альмира Тұрсын, Әділ Ахметов, Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Берік Айтжанов, Аян Өтепберген, Асылхан Төлепов сынды актерлер ойнады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT