+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

«Томирис» фильмінің продюссері із-түзсіз жоғалып кетті

2018 жылғы 4 шілде 04:01
Бөлісіңіз:
«Томирис» фильмінің продюссері із-түзсіз жоғалып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Томирис» фильмінің продюссері, Анна Чакиртова із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Фейсбук желісінде оның достары мен әріптестері хабарлады.

Анна 2-шілде күні Қонаев-Бөгенбай көшелерінің қиылысындағы үйінен кешкі сағат 20-00-ге таман шығып кеткен.

Соңғы рет әйелдің дәріханада жүргені сағат 20-04-дер шамасында бейнекамераға түсіп қалған.

Әйелдің үстінде кең қара көйлек, көзінде көзілдірік болған.

Аннаның отбасы Медеу аудандық ІІБ арыз түсірді.

Қазір басқармада жедел іздестіру тобы құрылды.

Айта кету керек, Анна Тоқтамысқызы Чакиртова 1976 жылы Өскемен қаласында туған.

Кино саласының маманы, сценарист 2000 жылдан бастап 7 фильмге продюсерлік еткен. Оның ішінде «Анаға апарар жол», «Рэкетир», «Қарашаңырақ» сияқты фильмдер бар.

Қазір ол Sataifilm түсіріп жатқан «Томирис» фильмімен жұмыс жасап жатқан еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT