+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

«Томирис» фильмінен 480 млн теңге табыс түсті

2019 жылғы 25 қазан 18:52
Бөлісіңіз:
«Томирис» фильмінен 480 млн теңге табыс түсті

НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат – «Томирис» фильмінің прокатынан бүгінгі таңда 480 миллион теңге табыс түсті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде фильм республика бойынша күн сайын 800 рет көрсетіледі. Фильмнен түскен қаражат бүгінде 480 миллион теңгені құрады. Бұл қаражат бюджетке және біздің кино өнерімізді дамытуға жұмсалады», - дейді министр.

Сонымен қатар, министр бұл фильм халықаралық кинофестивальдерге ұсынылатынын жеткізді.

«Томирис» отандық киноиндустрияның алға жылжығанын көрсетеді. Бұрын Қазақстанда түсірілген фильмдер бәсекеге қабілетсіз болатыны туралы жиі айтылатын. Енді біз осы сынды еңсеріп, жаңа бағытта дами бастадық», - дейді Ақтоты Райымқұлова.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрі «Томирис» фильмі алдымен қазақ тілінде көрсетілмегені үшін кешірім сұраған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT