«Томирис» фильмі қашан прокатқа шығатыны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Томирис» фильмі қашан прокатқа шығатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылдың аяғына дейін (қазан айы-авт.) Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи картинасы прокатқа шығады», - деді министр халықпен есептік кездесуінде.

А. Райымқұлованың айтуынша, қазақстандық-ресейлік «Эвакуция» фильмі жақын арада көпшілікке көрсетілмек. Мұнымен қоса, Қазақстан мен Ресей арнайы қызметтерінің жұмысы туралы А. Соколовтың «Вижившая» жобасы пысықталуда.

Белгілі болғандай, өткен ғасырдағы 40-50-ші жылдардағы оқиғалар туралы бірлескен киножобаны құру бойынша «Plano a Plano» мадридтік компаниясымен шығармашылық жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, ведомство басшысы сәуір айында Министрлік «Қазақстан» Орталық киноконцерт залында балалар аудиториясы үшін «Күлтегін» анимациялық фильмінің алғашқы қайырымдылық көрсетілімін ұйымдастырғанын еске салды. 10 мыңнан аса бала, соның ішінде тұрмысы төмен отбасылар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатысты. Одан кейін республиканың барлық өңірлерінде тұсаукесерлер өткізілді. Сондай-ақ, «Мұзбалақ», «Керей мен Жәнібек», «Күлтегін» картиналарының тегін көрсетілуі ұйымдастырылды.

«Нұргелді Садығұловтың аты аңызға айналған палуан туралы «Балуан Шолақ» фильмінің премьерасын көрермен үлкен ықыласпен қабылдады. Мамырда Жеңіс күнін мерекелеу аясында Қарулы күштердің Әскери-тарихи музейінде Қорғаныс министрлігінің, ардагерлер мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен Қара майор Борис Керімбаев туралы «Жизнь специального назначения» деректі фильмінің премьерасы өтті», - деді министр.
null

Айта кетейік, Ақан Сатаев сақтардың көшбасшысы - Томирис туралы тарихи фильм түсіріп жатқаны хабарланған еді. https://kaz.inform.kz/news/tumar-hanshayym-turaly-fil-mge-kimder-tusip-zhatyr_a3109383

Бұған дейін біз «Қазақфильмде» Томирис патшайымды таңдау қалай жүріп жатқандығы туралы толық ақпарат берген болатынбыз.

https://kaz.inform.kz/news/kazakfil-mde-tumar-patshayymdy-tandau-kalay-zhurip-zhatyr_a3068637

Соңғы жаңалықтар