«Томирис» фильмі Еуропа мен Азияның бірнеше елінде көрсетілетін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Томирис» фильмі Еуропаның бірнеше мемлекетінде көрсетілетін болды. Бұл туралы фильмнің режиссері Ақан Сатаев Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті достар! Қуанышты жаңалық. Канн онлайн-кинонарығы аясында біздің Arclight Films сату-агентіміз «Томирис» кинотуындысын халықаралық көрсетілімге шығару туралы сәтті мәміле жасағанын хабардар етті. «Томирис» фильмі: Франция (дистрибьюторы: SND Films), Италия (Blue Swan), Испания (Art Mood), Ресей (Paradise), Румыния (Program 4 Media), Түркия (Siyah Bayez Movies), Жапония (AT Entertainment), Таяу Шығыс (Gulf Film), Оңтүстік Корея (Challan), Сингапур (Shaw) елдерінде көрсетілімге шығады. Бұл - біздің фильміміздің халықаралық тарихының бастамасы ғана деп сенеміз» - деп жазды Ақан Сатаев өз парақшасында.

Еске сала кетейік, былтыр жарыққа шыққан кинотуынды біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады.

Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясында Sataifilm компаниясының қатысуымен түсірілген.

Жыл басында «Томирис» тарихи драмасының АҚШ аумағындағы дистрибуция құқығын Well Go USA компаниясы сатып алған еді.


Соңғы жаңалықтар