+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Томирис Байсафаның өліміне қатысты күдікті қамауға алынды

2020 жылғы 29 шілде 21:38
Бөлісіңіз:
Томирис Байсафаның өліміне қатысты күдікті қамауға алынды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысы Мухтар Меджидовтың ұлы Муртузали Меджидов қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда ауылдастар арасында туындаған жанжал кісі өліміне себепші болды Қызылордада 10 және 13 жастағы екі бала дарияға батып кетті Қызылордада каналға батып кеткен жігіттің мәйіті табылды

«Мәскеу қаласының Басман аудандық сотының қаулысымен айыпталушы Меджидов Муртузали Мухтаровичке қатысты 2020 жылдың 28 қыркүйегіне дейін қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды», - деп хабарлайды ТАСС агенттігі Басман сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісімен сұхбат барысында Томирис Байсафаның шешесі Жанна Ахметова осы іске қатысты жаңа деректерден хабардар болғанын мәлім етті.

«Айғақтар табылыпты. Ол ұсталды. Бірақ істің мән-жайы маған әлі белгісіз», - деген анасы М.Меджидовтың ұсталғаны туралы ақпаратты Мәскеуде растағанын айтты.

Жанна Ахметова тергеу барысымен байланыста отыр. Карантин шаралары алынғаннан кейін Ресей астанасына ұшып бармақ.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың сәуір айында қазақстандық студент қыз Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлап кеткен еді.
Ол 3 мамырда ауруханада қайтыс болды. Қыздың ата-анасы оның өзіне қол салғандығына қатысты тергеудің нұсқасымен келіспей, тергеудің әділ жүргізілуін талап еткен еді.
Кейіннен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі (омбудсмен) Асқар Шәкіров Ресей Федерациясының омбудсмені Татьяна Москальковаға Томирис Байсафаның өлімін тергеуге көмек сұраған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT