Томирис Байсафаның өлімін тергеу неліктен созылғаны белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі Томирис Байсафаның өлімін тергеу барысын ерекше бақылауда ұстауда. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның Мәскеудегі Елшілігі жанындағы Консулдық бөлім бұл мәселені ерекше бақылауында ұстап отыр. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде. Біздің ақпарат бойынша өкінішке орай, тергеуші ауысты. Сондықтан созылып кетті. Алайда, барлық мәселе, жалпы қандай да бір мәселе туындайтын болса онда оны біздің консулдық бөлім бақылауына алады», - деді Айбек Смадияров. 

Еске сала кетсек, биылғы сәуір айында қазақстандық студент қыз Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлап кетті. Ол 3 мамырда ауруханада қайтыс болды. Қыздың ата-анасы оның өзіне қол салғандығына қатысты тергеудің нұсқасымен келіспейді және тергеудің әділ жүргізілуін талап етуде.

Кейіннен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі (омбудсмен) Асқар Шәкіров Ресей Федерациясының омбудсмені Татьяна Москальковаға Томирис Байсафаның өлімін тергеуде көмек сұраған болатын.

Соңғы жаңалықтар