Томирис Байсафаның ісіне қатысты сот тергеуі аяқталды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мәскеуде қаза тапқан қазақстандық студент Томирис Байсафаның ісі бойынша сот тергеуі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот тергеуі аяқталды. Жарыссөздер мен үкім қалды», - деп жазды Т.Байсафаның анасы Жанна Ахметова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың сәуір айында қазақстандық студент қыз Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлап кеткен еді.

Ол 3 мамырда ауруханада қайтыс болды. Қыздың ата-анасы суицид туралы тергеушілердің нұсқасымен келіспей, тергеудің әділ жүргізілуін талап етті.

Кейіннен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров Ресей Федерациясының омбудсмені Татьяна Москальковаға Томирис Байсафаның өлімін тергеуге көмек сұраған еді.

2020 жылы Томирис Байсафаның өліміне қатысты Дағыстан үкіметінің бұрынғы басшысы Мухтар Меджидовтың ұлы Муртузали Меджидов қамауға алынды.

Муртазали Меджидовке қатысты қылмыстық іс Мәскеудің Никулин аудандық сотында қаралады.


Фото: instagram.com/_ahmetova_zhanna_
Соңғы жаңалықтар