Томирис Байсафаны өлтірген Дағыстанның бұрынғы вице-премьерінің ұлы 13 жылға сотталды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Дағыстанның бұрынғы вице-премьерінің ұлы Муртузали Меджидов қазақстандық студент Томирис Байсафаны қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Алқабилер алқасы М.Меджидовтің кінәсі туралы фактіні дәлелденген деп санап, оны Томирис Байсафаның өліміне бірауыздан кінәлі деп тапты.

Студенттің анасы тілшіге хабарлағандай, Мәскеудің Измайлов сотының судьясы Алена Лысенко үкімді жариялады. Оған сәйкес М.Меджидов қазақстандық студентті қасақана өлтірді деп айыпталып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды, енді ол қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейді.


Соңғы жаңалықтар