Том Леффлер: «Канеломен» айқаста Головкин тек табыстың әділетті бөлінгенін қалайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль «Канело» Альварес қыркүйекте GGG-мен айқасқа шыққысы келмей тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарымта кездесу туралы келіссөздер әзірге тығырыққа тіреліп тұр. Себебі, Головкин айқастан түсетін табыстың бөлінісін 50-де 50 деп бөлуді талап етуде. Алайда Golden Boy Promotions кірістің бұрынғыдай бөлінгенін қалайды. Яғни, Канелоның пайдасы 65 процент болады.

Леффлердің айтуынша, «Канеломен» шыққан кезде Мигель Котто чемпион болғандықтан табыстың 55 пайызын алған. Головкиннің тарапы одан бері мексикалықтың абыройы айтарлықтай артқанын түсініп отыр. Десе де, бәрібір табыстың тең бөліну керек деген ұстанымда.

«Головкин - чемпион. Ол тек табыстың әділетті түрде бөлінгенін қалайды. Мен «Канелоның» ұстанымын түсінемін. Ол GGG-дан гөрі қыркүйекте жеңілдеу қарсыластардың бірін таңдап алғысы келеді. Міне, менің ойымша олар сондықтан, тең дәредедегі шартқа көнгісі келмейді. Біз чемпион ретінде Головкинге кірістің басым бөлігін де сұрап отырған жоқпыз. Ал «Канело» Головкинді жеңе алатынына сенімді болатындай жағдай туғанша күтті. Бірақ, ол бәрібір жеңе алмас еді. Егер «Канело» реваншта басым түсетініне сенімді болса, бізде табысты әділетті түрде бөліп алу туралы мәселе болмас еді», - деп жазады Леффлердің сөзін Los Angeles Times.

Соңғы жаңалықтар