Том Леффлер: Геннадий Головкинмен ешкім жұдырықтасқысы келмейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - IBF/IBO/WBA нұсқалары бойынша орташа салмақта әлем чемпионының промоутері Том Леффлер қарамағындағы спортшының неліктен жаңа міндетті үміткер, IBF рейтингінде екінші нөмірлі Доминик Уэйдпен жұдырықтасатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Геннадиймен ешкім жұдырықтасқысы келмейді - біз титулдардың иегерлерінің ешқайсысымен келісе алмадық, сондықтан Головкиннің белбеуіне міндетті үміткермен жекпе-жекті ұйымдастыруға тура келді. Бірақ жұдырықтасу жай болмайды, себебі біздің қарсыласымыз жас әрі табысқа жетуге асығып отыр», - деп жазады Леффлердің сөздерін Boxing News 24.

Соңғы жаңалықтар