+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Толымбай көліндегі балықтардың неден қырылғаны белгілі болды - СҚО

2019 жылғы 6 қыркүйек 18:13
Бөлісіңіз:
Толымбай көліндегі балықтардың неден қырылғаны белгілі болды - СҚО

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мамандар Солтүстік Қазақстан облысындағы Толымбай көліндегі мөңке балықтардың жаппай қырылу себебін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізде болса, 20 тамыз күні СҚО Жамбыл ауданы Толымбай көлінде балық жаппай қырылып, ауыл тұрғындарының үрейін ұшырған еді.

Табиғи апат болған жерге инспекция, Табиғат ресурстар басқармасы және облыстық экология департаментінің қызметкерлерінен құралған комиссия барып, бірнеше қажетті сынаманы алды. Бүгінде зертханалық сараптаманың нәтижесі шықты.

«Ветеринарлық зертханада жүргізілген сараптама мен экологтардың қорытындысы белгілі болды. Тексеріс барысында сараптамаға алынған су мен балық сынамаларынан үш есеге дейін артық пестицид пен тұз табылды», - дейді СҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің бас маманы Елдар Кәкібаев.

Осы іске қатысты барлық материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Көлге зиянды заттардың қайдан келгенін құзырлы мекеме анықтайды.

Жамбыл ауданындағы Толыбай көлінен жалпы салмағы 185 келі мөңке балығының өлекселері алынып, өртелген болатын. Мамандардың есебінше, қоршаған ортаға келген шығын көлемі 200 мың теңге шамасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT