Төлеутай Рақымбековтің штабы 300-ге жуық шара өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Төлеутай Рақымбековтің штабы 300-ге жуық шара өткізді.

Бұл туралы «Ауыл» партиясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Оның ішінде кандидаттың өзі Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстан аймақтарындағы жұртшылықпен кездесіп, өзекті деген мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, үгіт-насихат науқаны аясында Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Семей, Тадықорған және Петропавл өңірлерінде Төлеутай Рақымбековті қолдауға арналған мәдени көпшілік іс шаралар ұйымдастырылды. Ал, оның сенімді өкілдері ауыл-ауылды аралап, жергілікті тұрғындарға сайлауалды бағдарламаны таныстырып жүр.

«Ауыл» ХДПП үгіт-насихат жұмыстары жоспарға сай жүргізіп жатыр. Әрине, бірінші аптаға қарағанда қарқыны күнннен-күнге күшейіп, күннен-күнге үдеп келеді. Оның себебі де жоқ емес. Қазірге дейін біздің облыстық қоғамдық штабтар тарапынан, аудандық штабтар тарапынан және жергілікті жерлердегі еріктілердің қатысуымен «Ауыл» партиясы Төлеутай Рақымбековті қолдау акциясы негізінде 300-ге тарта шара өткізілді», -деді ҚР Президенттігіне үміткер Т. Рақымбековтің Республикалық қоғамдық штабы төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов.

Айта кетейік, ҚР Президентін сайлау 9 маусымда өтеді. Оған 7 кандидат тіркелген.

Соңғы жаңалықтар