Төлеутай Рақымбековтің сенімді өкілдері семейлік сайлаушылармен кездесті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - «Ауыл» партиясы атынан президенттікке ұсынылған Төлеутай Рақымбековтің сенімді өкілдері Семейде сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Семейдегі ұн-құрама жем зауытында өткен кездесуде Төлеутай Рақымбеков бағдарламасындағы бірқатар бағыттар қызу талқыланды.

Айта кетейік, зауыттың ғасырға жуық тарихы бар. Қазір онда маңайдағы ауылдардан шикізат жиналып, айына 15 мың тонна дайын өнім шығарылады. Осыған орай, жиынға қатысушылар Төлеутай Рақымбеков бағдарламасында осындай кәсіпорындардың мәселесі көтерілгенін, оны оңтайлы шешу жолдары да көрсетілгенін сөз етті.

Төлеутай Рақымбековтың өңірдегі сенімді өкілдерінің сөзінше, ауыл - экономикамыздың негізі, өндірістің ошағы және рухани байлықтың қайнар көзі.

«Сондықтан, ауыл мәселесіне бей-жай қарауға болмайды», - деді жиында үміткердің сенімді өкілдері.

Соңғы жаңалықтар