Төлеутай Рақымбековтің сенімді өкілдері Павлодарда жергілікті тұрғындармен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбековтің сенімді өкілдері Павлодарда «Сағып» шаруа қожалығына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиында ауыл шаруашылығын дамыту, шаруа қожалықтарына қолдау көрсету, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.

Төлеутай Рақымбековтің Республикалық қоғамдық штабының төрағасы Әли Бектаев ұлттық тағамдарды өндірудің ғасырлардан бері келе жатқан дәстүрі мен қалыптасқан технологиясы барын, оны жаңа технологиялармен ұштастыра білу керектігін айтты.

«Сағып» шаруа қожалығы күніне жүздеген литр қымыз өндіріп, көрші өңірлерді дайын өніммен қамтамасыз етеді. Тіпті, экспортқа шығаруды да бір жолға қойған. Енді өндіріс әлеуетін одан сайын арттыруды көздеп отыр.
null null null null

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Сайлауға 7 кандидат тіркелді.

Соңғы жаңалықтар