Төлеутай Рақымбеков студент жастармен кездесіп, бағдарламасын таныстырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков елордадағы Қазақ агротехникалық университет ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бұл туралы «Ауыл» партиясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбековтың Қазақ агротехникалық университетіне аяқ басуы бекер емес. Өйткені, бұл жерде тек ауыл шаруашылығы мамандарын даярлап қана қоймай, салаға қажетті озық ғылыми жобалар жасалады. Әсіресе, иммунды химия, тағам микробиологиясы және топырақты талдау бағыттарында теңдессіз бастамалар бар. Бірақ, оны өндіріске енгізу оңай болмай тұр.

«Қазіргі ауыл шаруашылығында аграрлық ғылымның орны ерекше. Тіпті, шешуші рөлді атқарады дер едім. Бірақ, өкінішке қарай, оны шаруалар түсіне бермейді. Айналып келгенде, бұл жағдай ел экономикасына кері әсер етуі мүмкін», - дейді С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ ғылыми қызметкері Владимир Киян.

Төлеутай Рақымбеков өз бағдарламасында осындай жобаларды өндірісте кеңінен қолдануға ерекше басымдық берген. Бұған қоса, ғылыми жұмыстарды коммерциализациялауды күшейту керек дейді.

Төлеутай Рақымбековтың бағдарламасы тек ауыл шаруашылығымен ғана байланысты емес. Ол жерде жұмыссыздықпен күрес, баспана мәселесі және инфрақұрылымды дамытуға қатысты да тетіктер бар. Оның барлығы университет қабырғасында өткен жиында жан-жақты талқыланды.

Соңғы жаңалықтар