Төлеутай Рақымбеков штабы Оралда жастар форумын өткізді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Ауыл» партиясы атынан президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбековтың өңірлік штабы Оралда арнайы форум ұйымдастырды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі мәлім етті.

«Жастар ауылды қолдайды» деген атпен өткен іс-шарада қазіргі жастар мәселесі, оның ішінде жұмыссыздықпен күрес, баспанамен қамту және ұлттық құндылықтарды сақтау төңірегінде сөз болды.

Спикерлер Төлеутай Рақымбековтің бағдарламасында ауыл жастарына жағдай жасау жөнінде жан-жақты қамтылғанын сөз етіп, урбанизацияның салдары шағын елдімекендердің жойылуына әкелуі мүмкін екенін айтты.

Жиында бұған қоса Төлеутай Рақымбековтің сайлауалды тұғырнамасында айтылған отбасылық құндылықтарды сақтау жайы да қызу талқыланды. Қазіргі жаһандану дәуірінде оның маңызы зор екенін атап өтті жиналғандар.

Соңғы жаңалықтар