Төлеутай Рақымбеков штабы Алматы облысында концерт ұйымдастырды

None
None
КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ. ҚазАқпарат - «Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбековтің штабы Алматы облысында концерт өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы А.Сарыбаев атындағы мәдениет сарайында өткен концертте туған жер, ауыл туралы әндер көптеп шырқалды. Ақындар қауымы да қалыс қалмай, жырдан шашу шашты.

«Ауыл» партиясының ардагері Б.Жетпісбаев, аймақтық қоғамдық штаб өкілдері Қ.Бекиев пен Қ.Исаева жиналғандарды 9 маусым күні өтетін сайлауға белсенді қатысуға үндеді. Штаб белсенділері мен еріктілер кандидаттың үгіт материалдарын таратты.

Айта кетейік, алдағы 9 маусым күні өтетін президент сайлауына 7 кандидат қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар