Төлеутай Рақымбеков ауыл шаруашылығындағы ғылымды дамытудың жолын атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков ауыл шаруашылығы саласында ғылыми зерттеулерді тәжірибе жүзінде іске асыру бағыты туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысы ғылымдағы жағдайға, оның тиімділігіне, ғылыми зерттеулердің деңгейін арттыруға және олардың тәжірибе жүзінде пайдалану бағытына айрықша назар аударды. Біз аграрлық ғылым проблемаларына талдау жасап, оларды шешу жолдарын белгіліп, жақында Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі кеңесте баяндадық. Бір жағынан алып қарағанда, бізде ғылыми бай мұра бар, сондай-ақ отандық аграрлық ғылыммен жүргізілген жұмыстарға лайықты бағасын беру керек. Бізде ғылым бар және тәжірибелі нәтижеге жұмыс істей алады. Алайда қазіргі кезде мойындауымыз керек, бұл саладағы тиімділік тиісті деңгейде емес. Екінші жағынан қарағанда, ғылым бизнес қажеттілігінен ажырап қалған. Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің тек 8 пайызы өндіріске енгізіледі», - деді ол Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының алғашқы нәтижелері туралы ғылыми-практикалық конференция барысында.
Т. Рақымбековтың сөзіне қарағанда, басты проблема – ол өндіріске ғылыми зерттеулер нәтижелерін ілгерілетуге ықпал ететін инфрақұрылымның, инновациялық жүйенің тиісті деңгейде болмауы. Кадрлық проблемалар да бар.
Сонымен қатар ол министрлікте өткен кеңесте атқарылған жұмыстың алғашқы нәтижелері баяндалғанын және бірқатар ұсыныстар енгізілгенін атап өтті.
«Біріншіден, өсімдік шаруашылығында роялти енгізу бойынша жұмыс басталды. 100 млн теңгеден астам сомаға 32 лицензиялық шарт бекітілді, оның ішінде 30 пайызы заңнамаға сәйкес ғалымға төленуі тиіс. Кеңесте астық тұқымдастары сұрыптарының авторларына сертификаттар табысталды», - деді ол.
Осы орайда Т. Рақымбеков роялтидің жалпы сомасы жылына 10 млрд теңгеге жетуі мүмкін екенін атап өтті. Соның ішінде 3 млрд теңгесі ғалымдарға тиесілі болады. Бұл ретте ғылыми қызметкерлердің еңбегін ынталандыруды арттыру ескеріліп отыр.
«Қалған 7 млрд теңге жаңа ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға бағытталмақ. Роялти жүйесі тауар өндірушілердің сапалы тұқымды пайдалануын бақылаудың негізі болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде өнімнің шығымдылығының сапасы мен көлеміне оңтайлы әсер етеді», - деді «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы.
- Қазақстанда 18 қаңтардан бастап ескірген ауыл шаруашылығы техникалары утилизацияға қабылданады
- ҚР АШМ қызанақ экспортына Ресейдің тыйымына қатысты: Жасанды кедергі
- 2020 жылдың 11 айында Қазақстанда 430 мың тоннадан астам ет өндірілді – ҚР АШМ
- Моңғолияда тас және қола дәуірінің жәдігерлері табылды
-
Қарағандылық өнертапқыш тоқпен жұмыс істейтін күбі жасады
-
Қазақстанда былтыр 430 мың тоннадан астам ет өндірілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам