Төлеу мерзімі 90 күннен асқан микрокредит сомасы 45 млрд теңгеге жетті – агенттік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде төлеу мерзімі 90 күннен асқан микрокредиттер сомасы 45 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Нұрлан Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда 246 микроқаржы ұйымы, оның ішінде онлайн форматта 50 АЕК-ке дейін микрокредит беруді ғана жүзеге асыратын 25 компания жұмыс істейді. Сонымен қатар, осы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша МҚҰ жалпы сомасы 318 млрд теңгеге тұтынушылық кредиттер берді. Қарыз алушылар саны 1,2 млн адамды құрады. Оның ішінде жалпы сомасы 103 млрд теңгеге 50 АЕК-ке дейінгі микрокредиттер берілді. Қарыз алушылардың саны - 811 мың адам», - делінген Нұрлан Әбдірахмановтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында.

Оның дерегінше, 50 АЕК-ке дейінгі төлеу мерзімі 90 күннен асқан микрокредиттердің деңгейі 45 млрд теңгені құрады және мерзімі өткен микрокредиттер бойынша қарыз алушылардың жалпы саны 388 мың адамға жетті. 50 АЕК-ке дейінгі микрокредиттер бойынша проблемалық берешектің орташа деңгейі 66 мың теңгені құрап отыр.

«Қазіргі уақытта микроқаржылық қызмет туралы заңда микрокредиттердің 2 түрін беру көзделген: 56 пайызға тең жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерлеме бойынша 20 000 айлық есептік көрсеткіштен (61 260 мың теңге) аспайтын мөлшерде; күнтізбелік 45 күнге дейінгі мерзімге 50 айлық есептік көрсеткіштен (153 150 теңге) аспайтын мөлшерде микрокредит кезеңіне белгіленетін 25 пайызға дейінгі мөлшерлеме бойынша. Микрокредиттің екінші түрін негізінен онлайн кредиттеу компаниялары жеке тұлғаларға тек тұтынушылық мақсаттарға немесе шұғыл қажеттіліктерге, қамтамасыз етусіз және жеңілдетілген рәсіммен қашықтан қызмет көрсету форматында береді. Әлемде мұндай микрокредиттер кең таралған және «PDL – Pay Day Loan» жалақыға дейінгі қарыздар ретінде белгілі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар