Төлешов ісі бойынша сот процесінің мерзімі белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада билікті күшпен басып алуға тырысты деген айыппен ұсталған белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовке қатысты қылмыстық іс Астана қаласы мамандандырылған әскери сотқа келіп түсті. Бұл туралы әскери соттың қылмыстық істер бойынша аппеляциялық алқа мәжілісінің төрағасы Жандос Мұсабекұлы мәлім етті.

Оның айтуынша, Т. Төлешовтің ісі сотқа 29 тамызда келіп түскен.

"5 қыркүйекте өткен алдын ала тыңдау қорытындысы бойынша, іс сот өндірісіне қабылданып, басты сот талқылауы 2016 жылдың 14 қыркүйегіне сағат 10:00-ге тағайындалды", - деді Ж. Мұсабекұлы.

Айта кетейік, аталған іс аясында 25 тұлға қылмыстық жауапкершіліке тартылып, 300 адам куәлар ретінде өтеді.

 Тергеу барысында Т. Төлешовтың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар екендігі анықталған. Оның қылмыстық әрекеті ҚР ҚК 1997 жылғы редакциясындағы 125 бабы (адам ұрлау), 126 бабы (адамды заңсыз еркіндігінен айыру), 179 (Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау  немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту), 182 (Экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу), 262 (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), 265 (Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу), 286 (Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзiрлеу), 268 (бандитизм), 287 (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын  заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру), 296 (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектес заттармен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және 367 (пара беру), сондай-ақ 96 бап (адам өлтіру), 107 (қинау) және 187 (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) баптарымен айқындалады. Барлығы Т. Төлешов 16 қылмыс бойынша айыпталуда.

Сондай-ақ Т. Төлешов басқарған қарақшылар оның нұсқауымен бірқатар қылмыстар жасаған, олардың арасында адам өлтіруге оқталу, адам ұрлау, адамды заңсыз еркіндігінен айыру, қинау, қарақшылық, бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру сынды қылмыстар бар. 

Сондай-ақ тергеу Т. Төлешов пен оның бірқатар сыбайластары билікті күшпен басып алуға, оның ішінде ҚР аумағында бірқатар әлеуметтік шиеленіс ошақтарын ұйымдастырып, жаппай тәртіпсіздіктер мен наразылық акцияларын ұйымдастыруға дайындық жасағанын анықтады.

null  

 

Соңғы жаңалықтар