Төленбеген несиесін өтегендерге қарыз шарттарын қайта қарау ұсынылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі несие иелерін қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 тамызда жеке тұлғалардың несие портфелі 6,8 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде тұтынушылық несие портфелі 4,15 трлн теңге болды. Агенттіктің қолға алған шараларының арқасында тұтынушылық несие портфелі 61 млрд теңгеге, яғни 1,4%-ға азайды. Төлем мерзімі өтіп кеткен несие деңгейі 7%-ға азайды», - деді брифинг барысында агенттік төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов.

Оның айтуынша, пандемия кезіндегі күрделі экономикалық ахуал кесірінен көптеген несие иелері қарызын өтей алмаған.

«ҚР Президентінің тапсырмасына байланысты агенттік несие иелерін оңалту шараларын қолға алды. Бұл заңды шара мерзімі өтіп кетіп төленбеген несиесі бар азаматтарға және мерзімі өткен несиелерін өтеген азаматтарға қарыз шарттарын қайта қарауды ұсынады. Бұл өз кезегінде жағымсыз несие тарихы бар тұтынушылардың банктен тыс секторға кетпеуін қамтамасыз етеді, олардың банк өнімдеріне қолжетімділігін арттырады», - деді спикер.

Бұған дейін Нұрлан Әбдірахманов Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтқан болатын



Соңғы жаңалықтар