«Төленбеген несиелер үшін айыппұл есептеліп жатыр» - фейк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Сбербанк» төлеу мерзімі өтіп кеткен несиелер үшін өсімақы есептеп жатыр. Instagram-дағы пабликтердің бірінде осындай ақпарат орналастырылған. Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл мәлімет – жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сәлеметсіздер ме! Бүгін Сбербанк бөлімшесінде болдым. Онда несием бар. Айтпағым, олар несие төлемегендердің барлығына өсімпұл жазып жатыр. Қазақстандық банктер төтенше жағдай режимі кезінде несиенің уақытын өткізіп алғаны үшін айыппұл салуды тоқтатқан еді ғой. Назарда болсын! Пайдаланушыдан», - делінген Instagram-пабликке шыққан жазбада.

«Сбербанктің» хабарлауынша, бұл – жалған ақпарат. Банктің клиенттерді қолдау қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде уақытылы өтелмеген несиелер үшін өсімақы есептелмейді.

«Қаңтар айының соңына дейін несие бойынша өсімақылар мен айыппұлдар есептелмейд»і, – деді «Сбербанктен».




Соңғы жаңалықтар