Төленбеген несие үлесі көп банктер аталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда 90 күннен астам уақыт төленбеген несие үлесі көп екінші деңгейлі банктер аталды. Бұл туралы бірінші несие бюросы өткізген баспасөз мәслихаты барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2016 жылы мұндай несиелердің үлесі жылдың соңында 15,7% болса, жыл басында 17% болған.

«2017 жылы нашар несиелер үлесі бірқалыпқа келді. Бірақ орта есептен жоғары тұрған банктер де бар. Нашар несие портфелінің келтіретін залалы туралы жылдың екінші тоқсанында айтуға болады», - деді Бірінші несие бюросының бас директоры Руслан Омаров.

Оның айтуынша, төленбеген мерзімі 90 күннен асып кеткен несиелер саны көбейіп келе жатыр.

«Мұндай несие көлемінің үлесі өткен жылғымен салыстырғанда 6,8 %-ға артып отыр», - деді Руслан Омаров.

Соңғы жаңалықтар