Төлем балансының ағымдағы шоты 5,9 млрд доллар тапшылықпен қалыптасты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы төлем балансының ағымдағы шоты 5,9 млрд АҚШ доллары тапшылығымен қалыптасты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдын ала дерек бойынша төлем балансының ағымдағы шоты біздің болжамымызға сәйкес келіп, 2020 жылы - 5,9 млрд АҚШ доллары тапшылығымен қалыптасты. Бұл шетелдік инвесторларға төленетін кірістің қысқаруына байланысты 2019 жылғы тапшылықтан 1,3 млрд АҚШ долларына аз», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, ағымдағы шот тапшылығының негізгі себебі мұнай және газ конденсаты экспортының қысқаруы есебінен тауарлар экспортының төмендеуі болып отыр.

«Тауарлар импортының төмендеуі бірқалыпты және инвестициялық және аралық тауарларды әкелудің қысқаруына байланысты болды»,- деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар