Төлебилік полицейлер бірнеше мал ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады

None
None
ШАЯН. ҚазАқпарат - Төлебилік полицейлер бірнеше мал ұрлығына қатысы бар күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қзыметіне сілтеме жасап.

Мамырдың соңғы күнінде Төлеби полицейлеріне жергілікті тұрғыннан мал ұрлығына қатысты хабарлама келіп түскен. Арызданушының мәлімдеуінше, ауыл маңында жайылып жүрген малының ішінен бір жылқысын белгісіз біреулер ұрлап кеткен.

«Болған жайт ҚР ҚК 188-бабы бойынша тіркеуге алынды. Аталмыш ұрлық жәбірленушіге 3 млн теңге көлемінде шығын келтірген. Осыдан соң мал ұрлығы бойынша тағы бір ауыл тұрғыны полицияға хабарласып, ауыл маңындағы жайылымнан бір жылқысы ұрланғанын айтқан. Жәбірленушіге 700 мың теңге көлемінде материалдық шығын келген» делінген хабарламада.

Аталмыш қылмыстарды ізін суытпай жедел ашу мақсатында полиция қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылды. Білікті полицейлер қылмыскерлерді құрықтау үшін кешенді іс-шараларды атқарды. Яғни, жайылым жерлерін тыңғылықты тексеріп, аймақтарды тінтіп шықты. Осылайша жедел іздестіру нәтижесінде полицейлер мал ұрлығына қатысы бар сол ауылдың тұрғынын құрықтады.


Тергеу барысы көрсеткендей, күдікті жайылымнан 2 жылқыны бір күнде жымқырған. Сонымен қатар, күдіктіден жауап алу барысында ұрланған малды тиісті орынға жеткізу үшін өзінің танысын көлігімен бірге пайдаланғаны анықталды. Ал танысы оның көлікке артқан малының ұрлықы екенін білмеген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға мал жайылымында жүрген малдарын қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Сондай-ақ, мал тұрағының шаруашылық жайы мұқият бекітіліп, малдарға ен салынып, таңбалануы қажеттігін айтады. Төрт түлік жоғалса немесе ұрланса, уақыт жоғалтпай бірден полицияға хабарласу керек.

Соңғы жаңалықтар