Төлебилік келіншек бақшасына көкөніс өсіріп, табысқа кенеліп отыр

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Төлеби ауданында тұратын Нұржамал Амангелдиева бақшасында көкөніс өсіріп, мол табысқа кенеліп отыр. Қайнар елді мекенінің тұрғыны әрі әйелдер кеңесінің төрайымы үй іргелік жерін тиімді пайдаланып, кәсібін дөңгелетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұржамал Шажалықызы өзінің озық тәжірибесін ауылдық округтегі елді мекен тұрғындарына тарату мақсатында семинар-кеңес өткізді. Шараның негізгі мақсаты - Алатау ауылдық округі тұрғындарына жеке кәсіптің кез-келген түрімен айналысып, табысқа жетуге және мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыға мұқтаж болмауды түсіндіру болды.

Шараға алыс-жақын ауылдардан 100-ге жуық қыз-келіншек келіп қатысты. Олардың қатарында көпбалалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелері бар. Еңбекқор келіншек семинар барысында өзінің голландиялық қияр және көкөніс өсіру бағытындағы іс-тәжірибелерін бөлісіп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға кеңінен жауап берді.

Айта кетейік, ол небәрі 0,36 га үй іргелік жерінен 25 тонна голландиялық қияр мен 1,5 тонна қызанақ, 800 кг картоп және басқа да бақша өнімдерін жинап алған. Сөйтіп дайын өнімді саудаға шығарып, отбасылық кәсіппен айналысуда.

Соңғы жаңалықтар