+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Төлебиде түрмеге келген тұрғын туысына есірткі алып өтпек болған

2019 жылғы 3 қазан 07:06
Бөлісіңіз:
Төлебиде түрмеге келген тұрғын туысына есірткі алып өтпек болған

ТӨЛЕБИ.ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы түзеу мекемесінде туысына кірмек болған тұрғын ұсталды. Ол ағасына жасырын түрде есірткі алып өтпек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда ірі мөлшердегі героин есірткісін ішегіне салып өткізбек болғандар сотталды Алматыда синтетикалық есірткі жасауға арналған шикізат тәркіленді Алматыға таксимен 1 келі есірткі әкеле жатқан жамбылдық азамат ұсталды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық оқиға Леңгір қаласында орналасқан қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде орын алған. Түрме қызметкерлерінің бірі полицияға хабарласып, №1 бақылау бекетіне келген азаматтың кескін-келбеті күдік тудырғанын айтқан. Аталған ақпарат бойынша аудандық полицейлер тез арада түзеу мекемесіне келіп, әлгіні тексерген. Тінту барысында оның аяқ киімінің табанынан ұялы телефон мен құлаққап және ақ параққа оралған есірткіге ұқсас шөп табылады. Ол мекеме ішінде ұсталып, айғақты заттар тәркіленіп алынған. Табылған өсімдік сараптамаға жіберіліп, оның салмағы 4 грамға жуық марихуана екені анықталды.

«Күдікті азамат түзеу мекемесінде жатқан ағасының хал-жағдайын білу мақсатында кездесуге келген. Оған ҚР ҚПК-нің 128-бабы «Күдіктіні ұстап алу» бойынша бұлтартпау шарасы қолданылып, қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT