Төлебиде білім мекемелерін қаржыландыруға 10 млрд 990 млн теңге бөлінді

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Төлеби ауданында білім саласы қызметкерлерінің «Білім сапасы: Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы жаңа тәсілдер» тақырыбында тамыз кеңесі өтті. Жиында «Жаңартылған білім мазмұнын дамытудағы инновация және тәжірибелер» әдістемелік көрмесі арқылы жаңа кадр даярлау технологиясын баяндайтын ақпараттық стендтер көрсетілімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңеске аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Қойбағаров, облыстық білім беруді дамыту орталығының директоры Бақытжан Ешенқұлов, аудандық білім бөлімінің басшысы Роза Аманова, аудандық білім беру мекемелерінің директорлары мен мұғалімдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Роза Сәрсенбекқызы білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарды толық баяндап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды шолып, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі орта білім берудегі оқу-тәрбие бағдарламарына енгізілген жаңалықтарды айтып өтті. Оның айтуынша биылға 2019-2020 оқы жылында жаңартылған білім беру мазмұнына 4,9,10 сыныптар, ал 11 сыныптар келесі оқу жылында өтеді.

«Аудандағы 67 мектептің 52-сі - типтік, 15-і - ыңғайластырылған болса, 3 ауысымды және апатты мектептер жоқ. Биыл М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 200 орындық қосымша ғимарат құрылысы аяқталып, 1 қыркүйекте пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Леңгір қаласындағы №4 Қ.Сәтбаев атындағы және Қасқасу жалпы орта мектептерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Көксәйек елді мекеніндегі 100 орындық бастауыш мектебінің құрылысы басталса, Ленгір қаласындағы №1, №5 мектеп гимназиялары, Ақбастау жалпы орта мектебінің қосымша құрылыс жұмыстары мен Қ.Тыныбеков атындағы жалпы орта мектебінің спорт залы келер жылы пайдалануға берілетін болады. Аудан бюджеті 21 млрд 452 млн теңгені құрап, білім мекемелерін қаржыландыруға 10 млрд 990 млн теңге, яғни 51,2% бөлініп келеді»,- деді білім бөлімінің басшысы.

Жиынға қатысқан аудан әкімі Бауыржан Омарбеков сөз алып, ұлағатты ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап өтті. Қазіргі жаһандану дәуірінде сапалы білім – қарқынды дамудың басты шартына айналып, біз - қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдісіне әрқашан сай болу керектігін, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктелетіндігін атап өтті.

Жиын соңында еңбегі сіңген бірқатар ұстаздарға алғыс хат табысталды.

Соңғы жаңалықтар