Төлеби ауданының туристік әлеуетін дамыту мақсатында ашылған сайттың таныстырылымы өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданының туристік әлеуетін дамыту мақсатында ашылған сайттың таныстырылымы өтті.

Сала мамандары tolebitour.kz туристік сайты туризм саласын жан-жақты дамыту мен табиғи құндылықтарды дәріптеп, тамаша табиғат пен киелі мекенді шетелдіктерге таныстыратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Қ.Мылтықбеков пен облыстық туризм басқармасының «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығының А.Исмайл және Индустрия және туризм ассоциациясының президенті Г.Ақбердиева қатысты.

Сайтты «UX group» ЖШС-нің директоры А.Есжанов жан-жақты таныстырып, құрылымын көрсетті.

Оның айтуынша, аталған сайт аймақтың туристік тартымдылығын арттыру мен туристерді қызықтыратын нысандарды табуға көмектесу мақсатында ашылған. Презентация барысында сұрақтар мен ұсыныстар айтылып, саланың әлеуетін арттыру жолдары талқыланды. Аталмыш ақпараттық порталдан Төлеби ауданындағы туристтік нысандар туралы толық ақпарат алуға болады.

Қазіргі таңда шетелдік туристерге ғана емес, еліміздің тұрғындарына да пайдалы болатын жаңа интернет ресурсы өз жұмысын бастап кетті.



Соңғы жаңалықтар