+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Төлеби ауданының әкімі ауыл тұрғындарының арыз-шағымдарын тыңдады

2019 жылғы 20 қараша 12:35
Бөлісіңіз:
Төлеби ауданының әкімі ауыл тұрғындарының арыз-шағымдарын тыңдады

ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі әрі «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бауыржан Омарбеков қоғамдық қабылдау өткізді. Кездесуге келген тұрғындар аудан басшысына әлеуметтік мәселелері мен шешімін таппай отырған проблемаларына көмектесуін сұранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық қабылдауға тұрғындар көше бойындағы электр бағанасының ескіргенін жеткізіп, ауыстыруды сұранды. Сонымен қатар қабылдау барысында жергілікті халық әлеуметтік көмек туралы, жер мәселесі жайын сөз етті. Тұрақты жұмыспен қамту мен баспана проблемаларын қамтыды. Әкімнен үй кезегі келгенше уақытша баспана сұраған тұрғындар да кездесті.

Осы ретте аудан әкімі тұрғындардың өтініштері мен мұң-мұқтаждарын тыңдап, көтерілген мәселелердің бірқатарының шешілетінін айтып өтті. Базбір мәселелерге қатысты заң тұрғысында қарастырылатынын жеткізді. Жауапты бөлім басшыларына көтерілген мәселелер бойынша тапсырмалар жүктеп, оларды шешудің жолдарын қарастыруды ескертті.

Айта кетейік, мұндай кездесулер облыстың өзге аудан-қлаларында да ұйымдастырылуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT