Төлеби ауданындағы мектептерде алғашқы қоңырау соғылды

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданында 1 қыркүйек - Білім күні мерекесіне орай алғашқы қоңырау соғылды. Аудан әкімі Бауыржан Омарбеков білім күніне арналған салтанатты шараға қатысып, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім күнінде сөз алған аудан басшысы ұстаздар мен мектеп оқушыларының алдында жауапты міндеттер тұрғанын, білім беру бағдарламаларының жаңа бағыттарын меңгеру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, осы күннен бастап мектепке алғаш қадам басқан 1 сынып оқушыларын құттықтады. «Бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық тілеймін! Және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!»,-деді Бауыржан Омарбеков. Айта кетейік, жалпы аудандағы 68 мектепте (53 орта, 6 негізгі, 9 бастауыш) өткен оқу жылында 25907 оқушы мектепте білім алса, 2019-2020 оқу жылына 1-сыныпқа келетін 3300 баламен бірге 27000 оқушы білім алады деп күтілуде. Барлық мектептер заман талабына сай оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп, қажетті технологиялармен жабдықталған.

Соңғы жаңалықтар