Төлеби ауданындағы барлық өнімнің 60 пайызы аграрлық секторға тиесілі - ОҚО

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданындағы барлық өнімінің 60 пайызы аграрлық секторға тиесілі.

Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов Төле би ауданының аграрлық секторының даму барысымен танысты. Ол өңірлердегі бірнеше белгілі кәсіпорындарды аралап, «Атамекен» корпорациясы» ЖШС-нің жұмысын көрді. Оның жұмысы ауқымды, компания құрамына мал бордақылау алаңы, сүт фермасы, сүт өңдеу цехы кіреді. Бейбіт Атамқұлов корпорацияның әлеуметтік жауапкершілігіне тоқталып, компания көмегімен Сарқырама ауылында дәрігерлік амбулатория, шаштараз, спорт алаңы салынды. «Әлеуметтік жауапкершіліктің мұндай жоғары деңгейі басқа кәсіпкерлерге үлгі болуы тиіс», - деді ОҚО әкімі Б. Атамқұлов. Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінде өңірде шығарылатын барлық өнімнің 60 пайызы аграрлық секторға келетінін атап өтті. «Фуд мастер - Шымкент» компаниясының зауыты соңғы үш айда 3,8 мың тонна сүт өңдеді, мұнда 994,8 млн теңгеге өнім шығарылады. 120 адам тәулік сайын 100 тоннаға жуық табиғи сүт өнімін шығарады. Кәсіпорын 16 фермерлік шаруашылықпен, күн сайын халықтан сүт жинайтын 38 жеткізушімен ынтмақтастықта жұмыс істейтіні хабарланды.

Соңғы жаңалықтар