Төлеби ауданындағы ауруханаларға 16 оттегі концентраторы табысталды

None
None

Атап айтқанда, Төлеби аудандық ауруханасына Bi Group құрылыс компаниясы 3 оттегі концентраторын табыс етті. Сонымен қатар, «Бірлік 2020» қайырымдылық қоры Леңгір қалалық ауруханасына -2, «Айдың нұры» компаниясы 1 оттегі концентратор құрылғысын әперді. Осындай игі iстерден аудан азаматтары да шет қалып жатқан жоқ. Төлеби аудандық мәслихатының депутаты Әли Әмірәлиев Ленгiр қалалық ауруханасына 5 дана оттегі концентраторын жеткізіп берді. Сонымен қатар, «Шұғыла» қайырымдылық қоры тарапынан аудандық ауруханасына 5 оттегі концентраторы табыс етілді. Өз кезегінде індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдап, көмек қолдарын созған кәсіпкерлерге аурухана ұжымдары алғыстарын білдірді.


Соңғы жаңалықтар