Төлеби ауданында жомарт жүректі азаматтарға құрмет көрсетілді

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданында жомарт жүректі азаматтарға құрмет көрсетілді.

Аудан әкімі Бауыржан Омарбеков туған өлкені түлетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға атсалысқан бірнеше іскер азаматы алғыс хаттармен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі марапаттаудың мақсаты халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттар мен демеушілерді көтермелеу және кіші Отанын дамытуға қатысуға азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет жасау идеяларын танымал ету болып табылады. Бұл азаматтар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасы аясында туып-өскен ауылдарында ірі әлеуметтік жобаларды іске асырып, көпбалалы отбасыларға көмек қолын созып келеді»,- деді аудан әкімі Бауыржан Омарбеков.

Айта кетейік, марапатталған жандардың арасында қайырымдылық жасап жүргендері де аз емес. Солардың бірі зейнеткер Әбден Баянов, кәсіпкерлер Мухтазим Таиров, Мадина Ермаханбетова, Хасымхан Аширбаев, Икрамжан Салибеков және Киелітас ауылдық округінің Аналар кеңесінің төрайымы, зейнеткер Айдаркүл Рахишова. Олар ауданның аз қамтылған көпбалалы отбасыларына азық-түлік пен аяқ киім, мектеп формасы, жаздық және қыстық киімдермен, мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, елді мекендерді көркейту, көгалдандыру жұмыстарына атсалысып келеді.

Соңғы жаңалықтар