Төлеби ауданында жолдар жөнделіп, көшелер абаттандырылады

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Төлеби ауданының жолдары жөнделіп, көшелері абаттандырылады. Бұл туралы аудан әкімді мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдіктің хабарлауынша, аудан орталығы Леңгір қаласында көлік жолдарын жөндеу мен абаттандыру жұмысы қарқын алған. Бұл мақсатта республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен тиісті қаражат бөлінген.

Қазір қаланы қайта жаңғырту бойынша біршама істер атқарылып, ұзындығы 3,3 шақырымды құрайтын Ә.Бектаев көшесін жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Жолаяқтар салынып, көше бойы 10 метрге кеңейтіліп жатыр. Өз кезегінде абаттандыру, асфальт төселіп, жарық бағаналары да қойылады деп күтілуде. Асфальт төсеу жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен 126 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Осындай жұмыстар қала келбетінің ажарлануына өз септігін тигізетіні сөзсіз.

Біраз уақыттан кейін аудан тұрғындары мен қонақтары тегіс жолмен жүретін болады. Бұдан өзге, аудан аумағындағы жолдарды жөндеу, елді мекендерді ауыз сумен, көгілдір отынмен қамтамасыз ету, мектептерді, емдеу орындарын жаңалау сынды қажеттіліктер кезең-кезеңімен реттелуде.

Мұндай жұмыстар аудан тұрғындары мен қонақтарының жайлылығын арттыру мақсатында едәуір ауқымда жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда Леңгір қаласындағы Төлеби көшесінің 6 шақырым жолының жөндеу жұмыстары басталды. Оған республикалық және облыстық бюджеттен 230 млн теңге қаралған. Ендігі кезекте қала көшелерін жөндеу мен абаттандыру жұмыстарымен қоса аялдамалар, суағарлар жаңартылып, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін аяқ жолдары кеңейтіліп, жасыл желектер молаяды.

Аудан орталығын абаттандыру мен көркейту жұмыстары мұнымен шектелмейді. Алда атқарылатын жұмыстар өз кезегімен жалғасын табады дейді әкімдік қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар