+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Төлеби ауданында заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешені ашылды

2019 жылғы 6 қараша 22:04
Бөлісіңіз:
Төлеби ауданында заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешені ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданы Леңгір қаласында бой көтерген заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сәлтее жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Головкин мен Роналду Италияда бір жоба аясында жұмыс істеуде Қарағандыда қандастар арасында баскетболдан халықаралық турнир өтті Қазақстан УЕФА рейтингінде бір сатыға көтерілді

Мемлекеттік жекешілік әріптестік аясында салынған жаңа орталықта спортшыларымен жүздескен аймақ басшысы жергілікті жұртшылықтың бұқаралық спортқа көптеп тартылуын құптайтынын жеткізді.


«Облыс аумағында мемлекеттік жекешілік әріптестік аясында жаңа спорт кешендері көптеп салынуда. Осы арқылы спорттық инфрақұрылымдар дамып келеді. Спортшыларға қарап өскелең ұрпақ үлгі алып, болашақта ел чемпиондарына ұқсағылары келеді. Әсіресе, ер бала үшін бұл өте маңызды. Жастардың бос уақыты болмау керек. Осы жолда оларға мүмкіндік жасау керек», – деді облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы.


Жаңа спорттық-сауықтыру кешенінде 1400-ден аса жастар мен жасөспірімдер спорттың футбол, волейбол, баскетбол, бокс, үстел теннис, күрес түрлерінен кәсіби тұрғыда жаттыға алады. Бүгінде Төлеби ауданында 364 спорт нысаны жұмыс істейді. Онда 35 мыңнан астам адам шынығады.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT