Төлеби ауданында күрді мәдени орталығының мерей тойы мен Рухани келісім күні аталып өтті

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданында күрді мәдени орталығының 10 жылдық мерей тойы мен Рухани келісім күніне орай мерекелік кеш өтті. Айтулы шарада әртүрлі бағдарламалар ұйымдастырылып, орталықтың қыз-жігіттері қонақтарға арнап концерттік бағдарлама ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға облыстық Ассамблея төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Ғани Рысбеков пен Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев пен аудандық этно-мәдени қоғамдық ұйымдарының басшылары қатысты. Мерекелік кешке келген қонақтар этномәдени бірлестіктің барша өкілдерін мерейтойларымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Кеш барысында ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, халықтар арасындағы ынтымақты нығайтуға атсалысып жүрген бірқатар орталықтың өкілдері марапатталды. Бірліктін сақталуына күш-жігерін жұмсап жүрген азаматтарға Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының және аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.

Айта кетейік, 2009 жылы Төлеби ауданында Қазақстанның күрдтер қауымдастығының бөлімшесі тіркелген. Таулы өңірде бүгінде 1400-ден астам күрді ұлтының өкілі тату-тәтті өмір сүруде.

Соңғы жаңалықтар