+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Төлеби ауданында биыл 2 мектеп пайдалануға беріледі

2021 жылғы 22 ақпан 20:59
Бөлісіңіз:
Төлеби ауданында биыл 2 мектеп пайдалануға беріледі

ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат - Түрікстан облысы Төлеби ауданында 2 жаңа мектеп салынып, 1 білім ошағы кеңейтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Италиялық компания Түркістан облысында күн электр стансасының құрылысын бастады Мархабат Жайымбетов ҚР ИИДМ Құрылыс комитетінің төрағасы қызметінен босатылды Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген

Атап айтқанда, Қайнар және Ақбастау елді мекендерінде 200 орындық екі бірдей жаңа мектептің, Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназиясына қосымша оқу корпусын салу үшін қаржы қаралған. Құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Ғимараттардың құрылысы былтыр басталған.

Айта кетерлігі, ауданда тағы 4 мектептің құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамаларының оң қорытындысы алынып, қаржыландыруға ұсынылған. Сондай-ақ, 1 мектептің құрылысын жүргізуге қажетті құжаттар әзірленуде. Ал, Ленгір қаласындағы 80 орындық оқушылар үйінің құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолдау тапқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT