Төлеби ауданында азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығу өтті

None
None
ТӨЛЕБИ АУДАНЫ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданында азаматтық қорғау саласында кешенді оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл шара ҚР Қауіпсіздік Кеңесі отырысының 2017 жылғы 3 қазандағы хаттамалық тапсырмасын іске асыру шеңберінде және Түркістан облысының әкімімен бекітілген «2017-2019 жылдарға арналған азаматтық қорғау азаматтық қорғау басқару органдары мен күштерін дайындыққа келтіру іс-шаралар жоспарына» сәйкес ұйымдастырылды.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтері мен Азаматтық қорғау құрылымдарының, объектілерінің іс-әрекеттері бойынша оқу-жаттығу ағымдағы жылдың 30 қыркүйегі мен 2 қазан аралығында аудан аумағында кешенді өткізілді.

Үш күнге созылған кешенді оқу-жаттығуға ҚР ІІМ Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен келген қызметткерлері аудан аумағында өткізілген барлық іс-шараларға қатысты. Шара аясында аудандық төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі, эвакуация комиссияларының ұйымдастырыушылық құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мемлекеттік мекемелерде, барлық үлгідегі жалпы білім беретін мектептер мен орта кәсіптік оқу орындарында, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мекемелерінде, халық көп шоғырланатын жерлерде, көп қабатты тұрғын үйлерде жалпы аудандық сейсмикалық жаттығулар және сел қауіпі болуы мүмкін аймақта сел жаттығулар ұйымдастырылды. Авариялық-құтқару қызметтері дайындыққа келтіріліп, ауданның азаматтық қорғаныс бастығының және төтенше жағдайлар комиссия төрағасының жылжымалы басқару бекеті тексеруден өтті.

Сондай-ақ, шұғыл әрекет ету жасағы, құтқару, жол және көпірлер, инженерлік команда, жеке қорғану құралдарын тарату бекеті, ауыл әкімдері мен тұрғындарды қатыстырып эвакуациялық жинау пунктерін (ЭЖП), эвакуациялық қабылдау пунктерін (ЭҚП) дайындыққа келтіріп көрсетілді. Бұдан бөлек, уландырғыш заттар мен бактериялық құралдарға сынаптарды анықтау, радиациялық-химиялық қадағалау постын іс жүзінде жайып, аса қауіпті жұқпалы індет оқиғасы орын алған жағдайда оны емдеу профилактикалық мекемесін эпидемияға қарсы кезеңге ауыстырлды.

Басқа да аурулар орын алған жағдайдағы іс-қимылдары көрсетілді. Оқу-жаттығу соңында қорытынды жиналыс өткізіліп, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тарапынан Төлеби ауданының азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға дайын деген бағаларын берді.
Соңғы жаңалықтар