Төлеби ауданында ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз-2019» мерекелік шарасы өтті

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданында ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз-2019» мерекесі өтті. Бұл күні аудандағы 12 ауылдық округтің шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудан тұрғындары мен шаруалар және дихандар қатысты. Ауыл шаруашылығы және өңдеуші өнеркәсіп еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары сала мамандарының өз ісіне деген адалдығы ең жоғарғы құрмет пен қошеметке лайық екендігін атап өтті. Шара барысында ауыл шаруашылығы саласында жоғары көрсеткiшке қол жеткiзген ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері, шаруа қожалықтары аудан әкімінің алғыс хатымен және аудандық мәслихаттың алғыс хаттарымен марапатталып, оларға арнайы сыйлықтар табысталды. Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Сондай-ақ, аудан жастары қазақша күрес, қошқар көтеру және қол күрес сынды спорт түрлерінен күш сынасты.

Соңғы жаңалықтар