Төлеби ауданында абаттандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жаңаша кейіпке енген ауданның орталық алаңында субұрқақ, шағын демалыс орындықтары және түнгі жарық шамдар орнатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ, қалада орын алып жатқан жаңалықтарды көрсету үшін Ленгір қаласы әкімдігі ғимаратының маңында «LED» экран іске қосылды. Мұндағы орындықтарда ұялы телефондарды қуаттауға да мүмкіндіктер жасалған. Жалпы, аудан тұрғындарына арналған демалыс орындарын көбейту жұмыстары тоқтамақ емес. Ағымдағы жылы Ленгір қаласының Төлеби және Қапал батыр көшелерінің қиылысындағы 12,7 гектар шатқалды аббаттандыру жоспарланып отыр. Мұнда 1200 түп ағаш отырғызылып, 3 субұрқағы, орындықтар, жолаяқтар, шамдар орнатылатын болады.

Сонымен қатар, 6 шақырымға созылып жатқан Төлеби көшесіне, 3,3 шақырымдық Ә.Бектаев көшесіне орташа және Ленгір қаласындағы жалпы 13,7 шақырымды құрайтын 12 көшенің жолына жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің ұйымдастыруымен республикалық «Бірге – Таза Қазақстан!» атты экологиялық акциясы да ауданда өз жалғасын тапты.

Атап айтқанда, бүгін Алатау ауылдық округіндегі Біркөлік – Ақмешіт өзендерінің қиылысынан таңғы сағат 8.00-де бастау алған сенбілікке аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлері, сала мамандары, аудандық мәслихаттың депутаттары, этно-мәдени орталықтар,тұрғындар мен жастар атсалысты. Олар әрқайсысы өз мекемесіне қарасты өзен бойлары мен жер учаскесін тазалап, жиналған қоқыстарды бір жерге үйіп қойды. Сөйтіп, арнайы жүрген жүк машинасына артып жіберді. Экологиялық акцияға мыңнанн астам адам қатысып, 4 техника жұмылдырылды. Сенбілік нәтижесінде 25 тонна қоқыс шығарылды.

Соңғы жаңалықтар