Төлеби ауданында 6 мыңнан астам тұрғын таза ауызсумен қамтылады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында су құбырларының құрылысы қарқынды жүруде. Биыл таулы ауданның екі бірдей ауылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айқанда, тұрғындары артезиан құдықтардан су ішіп келген Тағайна ауылында  құрылыс жұмыстары мамыр айында басталған.  Ал, су құбырлары тозған Зағамбар ауылында су құбырын тарту сәуір айынан бері жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың соңында аяқталып, 6 мыңнан аса ауыл тұрғыны сапалы сумен қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ, аталған аймақта әрқайсысы 2 данадан сыйымдылығы 150 және 300 текше метрлік су жинағыш-резервуардың құрылысыда жүріп жатыр. Алдағы уақытта екі елді мекенге тіршілік нәрі ұңғымалардан беріледі. Ондағы су өткізгіштердің жалпы ұзындығы - 78,327 шақырымды құрайды. Су құбыры желілерінің құрылысы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар