Төлеби ауданы әкімінің орынбасарына оқ атқандар сот залында босатылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаеваға оқ ақтандар сот залында босатылды. Аудандық сот төрт айыпталушыға қатысты бүгін бас бостандықтарын шектеу үкімін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот үкімі бойынша қылмысты ұйымдастырушы әрі тапсырыс беруші деп танылған Амалбаевқа Қылмыстық кодекстің 28 бабының 3 бөлігі «Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi» және 389 бабының 3 бөлігі «Өзiнше билiк ету, күш қолданумен немесе оны қолдану қатерін төндірумен не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған іс-әрекет» бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Бектанов Қылмыстық кодекстің 28 бабының 5 бөлігі («Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi»), 389 баптың 3 бөлігі «Өзiнше билiк ету», 287 баптың 2 бөлігі «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша айыпты деп танылды. Түпкілікті 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын өтейтін болды. Ал қалған Тазабеков пен Төлепбековтер Қылмыстық кодекстің 389 бабы 3 бөлігі және 287 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылды. Оларға да 1 жарым жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Істі қараған судья үкім шығару кезінде жәбірленуші тараптың кешірім беруі мен сот кезінде анықталған мән-жайлар ескерілгенін атап өтті.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қазан айында Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаеваға белгісіз біреулер шабуыл жасап, өлтіруге әрекеттенген болатын. Түскі үзіліс кезінде қызметтік көлігімен үйіне келген сәтте үш тұлға оған қарай бірнеше рет оқ атқан еді. Шенеунік еңкейіп қалып, көлігінің есігін құлыптап үлгереді. Осы кезде шуды естіген көршілер жиналып, сезіктілер қашып кеткен. Кейіннен сотқа қатысқан прокурор Алмас Сағындықов шенеуніктің танысы Серік Бектанов бас араздығына байланысты Рабиға Бейсебаевадан кек алмақ болғанын айтып өтті. Сөйтіп Жамбыл облысының тұрғыны Әділет Төребековке xабарласып, тапсырыс бергенін жеткізді. Ол үшін 1 млн 300 мың теңге беруге уағдаласқан. Осыдан кейін Төребеков, Тазабеков және Амалбаевтар бұл тапсырысты орындауға оқталған. Алайда алғаш рет арам ойларын жүзеге асыра алмайды. Екінші рет тағы барып, үшеуі аудан әкімі орынбасарының үйінің маңына келіп, оны өлтірмек болады.

Соңғы жаңалықтар