Төле би ауданының әкімі ауыл тұрғындарының арыз-шағымдарын тыңдады

None
None
ТӨЛЕ БИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы Төле би ауданының әкімі әрі «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бауыржан Омарбеков қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуге келген тұрғындар аудан басшысына әлеуметтік мәселелері мен шешімін таппай отырған проблемаларына көмектесуін сұранды.

Қоғамдық қабылдауға тұрғындар көше бойындағы электр бағанасының ескіргенін жеткізіп, ауыстыруды сұранды.

Сонымен қатар қабылдау барысында жергілікті халық әлеуметтік көмек туралы, жер мәселесі жайын сөз етті. Тұрақты жұмыспен қамту мен баспана проблемаларын қамтыды. Әкімнен үй кезегі келгенше уақытша баспана сұраған тұрғындар да кездесті. Осы ретте аудан әкімі тұрғындардың өтініштері мен мұң-мұқтаждарын тыңдап, көтерілген мәселелердің бірқатарының шешілетінін айтып өтті.

Кейбір мәселелерге қатысты заң тұрғысында қарастырылатынын жеткізді. Жауапты бөлім басшыларына көтерілген мәселелер бойынша тапсырмалар жүктеп, оларды шешудің жолдарын қарастыруды ескертті. Айта кетейік, мұндай кездесулер облыстың өзге аудан-қлаларында да ұйымдастырылуда.

Соңғы жаңалықтар