Төле би ауданында 60-қа жуық отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді

None
None
ТӨЛЕ БИ АУДАНЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Төле би ауданында «Қамқорлық» жобасы аясында 60-қа жуық отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы Төле би ауданында да жүзеге асырылып жатыр. Бағдарламаның мақсаты – әлеуметтік жағдайы аса төмен, көмекке мұқтаж тұрғындарға көмектесу. Қазіргі таңда аудан бойынша жағдайы төмен 59 отбасының тізімі жасақталған.

Тұрғылықты мекен-жайына қарай әр отбасының келісімрі бойынша аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары және кәсіпкерлер өз қамқорлығына алып, жетекшісі ретінде бекітілді.

Олар 59 отбасыға қажет жағдайда азық-түлік, отын жеткізіп, заң аясында құжатын рәсімдеуге, заңдастыруға көмек береді.

Қазіргі таңда ауданда жалпы 139 отбасыға 3 млн теңгеге жуық әртүрлі көмек көрсетіліп отыр. Атап айтқанда, өмірлік қиын жағдайға тап болған 59 отбасыға кураторлар көмегімен 1 миллионнан аса теңгенің көмегі көрсетілді. Сондай-ақ аудандық этномәдени бірлестіктер 8 отбасыға 150 мың теңгенің азық-түлігін таратса, Жастар ресурстық орталығы 10 отбасыға 150 мың теңгенің көмегін берді. Сонымен қатар Халық банкі атынан 2021 жылдың 1 тоқсанына атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар ішінен мүгедектігі бар балалардың әр отбасына 23 554 теңгеге азық-түлік, жалпы 62 отбасыға бір жарым миллион теңгеге жуық көмек көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар