+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Толассыз жауыннан Алматы көшелерін су басты

2019 жылғы 9 қыркүйек 18:00
Бөлісіңіз:
Толассыз жауыннан Алматы көшелерін су басты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда толассыз жауған жауыннан көшелерді су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Су астында қалған көшелердегі көріністі тұрғындар суретке, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жатыр.

Таңға жуық басталған жаңбыр әлі де толассыз жауып тұр.

Ағын сулар арықтан асып тротуарларға жайылып жатыр. Әсіресе көпірлердің асты мен сайларда су тізеге жетіп қалды.

Жаяу жүргіншілердің көпшілігі су кешіп жүр. Қаланың біраз учаскесінде қозғалтқышына су тиген көліктер тоқтап тұр.


«Казгиромет» РМК болжауынша, бүгін түнде ауа температурасы +11 градусқа дейін түспек. Жауын-шашын ертең де жалғасуы мүмкін. Ашық күн райы 11 қыркүйек күні ғана күтіледі.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті синоптиктердің ескертуіне байланысты хабарландыру таратып жатыр. «10-11 қыркүйек аралығында Алматы қаласына жақын орналасқан аумақтарда нөсерлі жаңбырдың болжануына байланысты, кей жерлерде қатты ағындар қалыптасып, тау өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін»,- делінген хабарламада


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT