Толассыз жауын салдарынан Алматының 19 көшесін су басты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 22-27 ақпан аралығында қалалық ТЖД кезекші пультіне 85 хабарлама түскен. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жауын толассыз жауған 27-ақпанда тұрғындардан ТЖД кезекші пультіне 56 қоңырау түскен.

«Атап айтқанда, 37 ауланы су алып, 19 көше суда қалған. Оның ішінде 2 жер үйге су кірген. Судың жайылуына қатысты 43 оқиғаға арықтар қоқысқа толып кетуіне қатысты болса, 13 деректе су ағып кететін арықтар мүлде болмаған. Алатау ауданы бойынша - 18, Медеу ауданында - 15, Наурызбай ауданында - 14, Бостандық ауданында - 5, Алмалы ауданында - 2, Түрксіб ауданында 2 ауланы су басқан», - деді Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, қазір қалалық ТЖД мамандары 36 учаске бойынша тазалау жұмыстарын аяқтады. Бірқатар нысан бойынша су сору жұмыстары 28-ақпанда жалғасып жатыр.

Жайылып кеткен судың салдарын жоюға 254 адам, 45 техника, 9 мотосорғы жұмылдырған. 

null null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар